$ 475.38  547.73  5.93

"Кеш болмай тұрып араласыңыз": Айгүл Иманбаева өгей сіңілісін ұзатты (ВИДЕО)

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Әнші Айгүл Иманбаева туған сіңлісі Райханның ұзату тойы өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Бүгін бізде қуаныш той!!! Туған сіңілімді ұзатып жатырмыз. Тойдан фото, видео ертең саламын. Ал енді Айгүлдің туған сіңілісі жоқ еді ғой, ол қалай десеңіздер мына әңгімемді тыңдаңыздар. Менің басымдағы оқиғаға ұқсас өмірлеріңіз болса кеш болмай тұрып араласыңыздар. Себебі кері қайтара алмайтын нәрсе ол УАҚЫТ", – деп жазды әнші.

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, Райхан – әкесінің екінші некесінен туған қызы. Сондай-ақ ол ата-ананың разылығын алудың маңыздылығын айтып, өз баласын әкесінен ажыратпай өсіргенін жеткізді. Белгілі бір себептерге байланысты сіңлісінің ұзату тойына қатыса алмайтынын айтып, оған онлайн түрде ақ тілегін арнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0