$ 475.38  547.73  5.93

«Қомақты ақша түскен»: Танымал блогер Ырысбаланың шындығы ашылды

Журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында ол Диана мен Ырысбаланың арасындағы сот процесіне тоқталды.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Нумеролог, психолог Ирина Раззах блогер Ырысбала Икрамбайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында ол Диана мен Ырысбаланың арасындағы сот процесіне тоқталды.

"Ырыбала жөніне қарамай өтірік ақпарат таратты деп Диананы сотқа берді. Содан екеуі соттаса келе, сот Ырысбаланың банк выпискасын шығаруға рұқсат береді. Ол жердегі ақшаларды көрген кезде шогым шок болды. Өздері сауатсыз ғой, 2023 жылға дейін өзінің есепшотына алған. Ол жерге енді өте қомақты ақша түскен. Бір адамға үйді уақытылы алып бермеген, мектебі жоқ, адам бармайтын жерден лашық алып берген. Оның ақшасы алып берген үйінен өте көп. Тұрсын Алагөзовтің өзі шок болатын шығар ана ақшаны көрсе. 2023-те бәрін жаптым, тыныш болады деп ойлаған шығар. Блогерлер Айнұр Тұрсынбаевадан үйрену керек еді. Ешкімді түрткен жоқ. Ал Диана жеңіп шықты. Выписка шығып кетті, оның ақпараты дұрыс болды. Сол арқылы Ырысбаланы сотқа берсе де болады. Себебі дәлел бар", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Диана есімді желі қолданушысы Ырысбала Икрамбайдың қайырымдылық қызметіне тексеріс жүргізу қажет екенін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 2