Ол арнайы Телеграм бот жасаған.
Танымал блогер әрі тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі Сұлтанмен бірге өтетін үйлену тойын көпшілікке жаңа форматта көрсетпек. Жұп 30 тамызда өтетін салтанатты кешті онлайн трансляция арқылы көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Диана Скатова әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың тікелей эфиріне қосылуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың сілтемесін жариялаған.
Алайда трансляцияны көру тегін болмайды. Тойдың онлайн көрсетілімінің құны — 990 теңге.
Көрермен алдымен Telegram-бот арқылы төлем жасап, оның түбіртегін модераторға жіберуі қажет. Төлем расталғаннан кейін жабық Telegram-арнаға қосылуға арналған сілтеме беріледі.
Осылайша, Диана Скатова мен Сұлтан шаңырақ көтеру қуанышын жақындарымен бірге атап қана қоймай, онлайн форматта оқырмандарымен де бөліспек.