Ол әлеуметтік желідегі парақшасында мерекелік шарадан видео жариялап, тойбастар ретінде қонақтарға бриллиант берілгенін айтты.
Танымал блогер Ақмарал Елшін ата-анасының 60 жас мерейтойына арналған тойда қонақтарға ерекше тойбастар таратылғанын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында мерекелік шарадан видео жариялап, тойбастар ретінде қонақтарға бриллиант берілгенін айтты.
«Тойға шашылған қазақ соңына дейін шашылайық», – деп жазды блогер видеоға.
Желіде тараған видео көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыға түсті. Қолданушылардың пікірлері екіге бөлінді. Бірі мұндай сыйлықты ысырапшылдық деп санаса, енді бірі ерекше тойбасты қолдады.
«Бекерге ақша шашу», «Не деген есіл ақша», «Не керек дарақтап? Сол бриллиантқа ешкім қуанып та жатқан жоқ», «Күшті, тойдан бриллиант сарқыт бұйырсын», «Осындай той жұғысты болсын», – деген пікірлер жазылды.
Сонымен қатар кейбір желі қолданушылары мұндай шығынның орнына қаражатты мұқтаж жандарға жұмсаған жөн деген пікір білдірді.
«Ауырып жатқан мұқтаж адамдарға берсе ғой», «Күлімдеп қараған бір жанды көрмедім», «Қонақтарда ешқандай эмоция жоқ», – деп жазды олар.