Ол әнді біреудің қайғысын хайпқа айналдыру мақсатында шығармағанын атап өтті.
Белгілі әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнап «Солған гүл» әнін шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі туындысын қоғамда зорлық-зомбылыққа қатысты ауыр оқиғалар жиілеген тұста жұбаныш ретінде ұсынғанын айтты. Ол әнді біреудің қайғысын хайпқа айналдыру мақсатында шығармағанын атап өтті.
«Менің бұл жазбам – біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба? Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны - ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды… Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды…», – деп жазды ол.