Алайда көпшілік жаңа әннен гөрі әншінің клиптегі ерекше образын талқылады.
Мөлдір Әуелбекова жарыққа шығатын жаңа әнінің клипінен үзінді жариялап, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алайда көпшілік жаңа әннен гөрі әншінің клиптегі ерекше образын талқылады. Оның киім үлгісі әлеуметтік желіде түрлі пікірге себеп болды.
Желі қолданушылары арасында «Мынау скоро шешіне ме сонда?», «Стилист ауыстыру керек», «Сығанға ұқсап қалыпсың», «Мөлдір қалқам, стилист ауыстырсаңшы», «Басына бір корона жетпей тұр», «Құрсын, мынау не киім?», «Орамалын қашан шешеді?», «Мың қырық жамау», «Оранбай-ақ қойшы» деген пікірлер жазылды.
Әншінің жаңа туындысы қашан жарыққа шығатыны әзірге белгісіз.