"Не болды, ауыр тиді ме?"
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы Алматыда өткен дүркіреткен тойға қатысып, кештен алған әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол мерекелік шарадан күйеуімен бірге түскен суреттерін де жариялаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айман Талғатқызының сөзінше, Алматыдағы думанды кеш таңғы сағат 7-ге дейін жалғасқан.
«Кеше Алматының төрінде ұлан-асыр той өтті. Қонақ болдық. “Той бітпесе екен” деп отырдық. Керемет өтті. Содан той таңғы сағат 7-де аяқталды ғой», – деп жазды ол.
Кейін әзілкештің жұбайы жазбасына қатысты түрлі пікір білдірген оқырмандарына жауап берді. Ол әр адамның сөзді өзінше қабылдайтынын айтып, пікір білдірушілерге қатысты ойын жеткізді.
«Не болды, ауыр тиді ме? Әркім өз деңгейінде қабылдайды, адамның іші қандай болса, сөзді де солай түсінеді. Бәрі құрысын, қазір қызық сұрақ қоямын. Дұрыс жауабын тапқан адамға өз қаласындағы концертке шақыру билетін беремін», – деді Айман Талғатқызы.