$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

«Ер адамдар исламды өз пайдаларына бұрып алған»: Роза Әлқожа қоғамның ащы шындығын айтты (ВИДЕО)

Танымал әнші Роза Әлқожа өнер адамдарының сырт көзге көрінетін өмірі мен шынайы жағдайы туралы айтты. Әнші «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында өнер адамдарының көп жағдайда әлеуметтік желіде өмірінің тек жылтыраған тұсын көрсететінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

“Көбісі әншілерді концерттен көп ақша табады деп ойлайды. Жалпы біз баймыз. Ақша, дүние жағынан емес. Алла тағала жұрттың бәріне ақындық, сазгерлік беріп жатқан жоқ. Сол жағынан баймыз. Әйтпесе кредиттен кредитке жүргеніңді ешкім білмейді. Мен кредитсіз өмір сүре алмаймын. Біз ашылып сұхбат бермейміз, көбіне өтірік сөйлейміз. Керемет жанұя болып көрінеміз, тек жылтыраған жағын саламыз. Жұрттың бәріне ұнағымыз келеді. Жасандылықтың бәрі қалып бара жатыр. Бұрынғыдай жасанып киінбейміз, боянбаймыз. Өйткені, адамзат жасандылықтан шаршайды. Табиғи дүниелерге қайтып келе жатырмыз. Дәм, шаттық сезінуден қалып бара жатырмыз. Барлығы да тәжірибе, табиғаттың өзі мәжбүрлегеннен кейін адамдар өзінің болмысына қайтып жатқан шығар”, — дейді әнші. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0