$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

«Отыз ұлды орда бол»: Тұрсынбек Қабатовқа ақсақал концерт үстінде бата берді

Ақсақал концертте Қабатовқа қолын жайып, тілегі мен батасын жаудырды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ақсақал концерт үстінде бата берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ақсақал концертте Қабатовқа қолын жайып, тілегі мен батасын жаудырды.

«Жаманшылыққа баспасын, жақсылыққа бастасын. Мал иесі – Мұхаммед, жан иесі – Хазірет, Еткен ниет қабыл ет, шалқар көлдей көп болсын – Қымыз бенен айраның, Атағың мен атыңнан, жұртқа тисін қайраның. Айдағысыз малды бол, отыз ұлды орда бол, Патшадай ұлды бол! Таба алмастан малды бол!» – деді қария.

Тұрсынбек Қабатов қолын жайып, ақсақалдың батасына «әумин» деп жауап қатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0