$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

«Дәл осылай сағынуға бола ма?»: Төреғали Төреәлі жұбайына ән арнады (ВИДЕО)

Жаңа туындысын таныстырған әнші ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сезімі туралы да ойын айтты.

Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Төреғали Төреәлі махаббат пен сағыныш туралы жаңа әнін көпшілікке ұсынды. Туындының сөзін ақын Қалқаман Сарин жазған, ал әуенін Алмас Мұхтарұлы шығарған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әнде сағыныш сезімі мына жолдармен өріледі:

Мені ешкім сағынбасын. Сен сағын!..
Сағын… көзден үзіп мұңның моншағын.
Дәл осылай сағынуға бола ма? – деп, таңғалсын
Аспан. Ай. Күн. Жер шары!..

Жаңа туындысын таныстырған әнші ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сезімі туралы да ойын айтты.

«Ерлі-зайыптылар бірін-бірі өмір бойы сүйіп өтуі керек. Қалғаны өзінен-өзі шешіледі», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0