23.11.2026, 15:40

«Биязы, қазақи мінезді»: Толқын Забирова жаңа түскен келіні жайлы үн қатты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Толқын Забирова оны өз қызындай көруге әзір екенін тұспалдады.

Толқын Забирова табалдырығын жаңа аттаған келінінің тәрбиесіне риза екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші келінін сыпайы, биязы, қазақи мінезді, әдемі қыз деп сипаттап берді. Толқын Забирова оны өз қызындай көруге әзір екенін тұспалдады.

«Қызды болып жатырмын», – деп қуанды Толқын Забирова.

«Біздің отбасымызда болып жатқан қуанышты жағдайды желі арқылы сіздермен бөліскен болатынмын. Әрине, мен үшін бұл – толқынысқа толы, ерекше сәттің бірі. Өйткені, ана болу, баланы өсіріп, осы деңгейге жеткізіп, өзінің теңін тауып, шаңырақ көтеріп жатса, кез келген ата-ана қобалжиды. Сондықтан мен ана ретінде бақыттымын», – деді әнші.