23.11.2026, 17:40

«Бетінен аламын, көрсетемін»: Дариға Бадықова күйеуі Олжас Абаймен ұрысып қалды

Фото: Видеодан алынған кадр

Ол өзін және күйеуін тілдеген психологтың сөзін айта бермеуге шақырған. 

Дариға Бадықова желідегі парақшасында психологтың сөзінен кейін күйеуі Олжаспен сөзге келіп қалды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол өзін және күйеуін тілдеген психологтың сөзін айта бермеуге шақырған. 

"Осы әйелдің сөзін неге сала бересіңдер? Айттым ғой кино бітсін қанын ішемін деп. Кино бітпей менің оған ресурсым жоқ". 

Осы тұста әңгімеге Олжас Абай кірісті. 

"Мен жігітпін ғой, ұят, не деп айтамын? Бетінен алып отырамын ба, не деп жауап беремін", деді ол. 

Дариға болса: "Бетінен аламын, көрсетемін. Сол үшін енді менімен қырыласың ба", деп күйеуіне ренжіді.