28.11.2026, 14:30

«Менің күйеуім жыртып жатыр»: Олжас Абайдың биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Жарияланған видеоға актриса Дариға Бадықова да пікір білдіріп, бірге билеген жігіттерді мақтаған.

Актер Олжас Абайдың би билеген видеосы әлеуметтік желіде көптің назарын аударды. «Соңыра» фильмінің актерлері бірге трендке қатысып, би қимылдарын видеоға түсірген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жарияланған видеоға актриса Дариға Бадықова да пікір білдіріп, бірге билеген жігіттерді мақтаған. Әсіресе, күйеуі Олжас Абайға ерекше ықыласын танытқан.

«Соңыраның» краштары. Менің жігітім биді жыртып тұр», – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары да актердің биіне тәнті болып, оның қимылы мен харизмасын атап өткен.

«Дариғаның күйеуін-ай. Қалай жеңіл қимылдайды. Харизмасы білінеді», – деп жазған оқырмандар.