Мәдениет & Шоубиз 10.09.2014 сағат 03:46

«Gakku TV-ның» мақсаты – қазақ көрерменінің мәдени деңгейін көтеру – арна продюсері

Gakku TV жаңа телеарнасының іске қосылуына және 13 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Астана» алаңында тұңғыш рет өткізілетін GAKKU ДАУЫСЫ жаңа музыкалық фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Арнаның бас продюсері Тимур Балымбетов телеарнаның форматы туралы айтып берді. Оның айтуынша, хабар екі тілде – орыс тілінде және басым бөлігі қазақ тілінде таратылатын болады. 

– Бұл тек қазақстандық өнімді ұсынатын Қазақстан тарихындағы тұңғыш телеарна. Оның эфиріне отандық эстраданың бұрынғы өкілдері мен қазіргі заман өкілдерінің үздік жұмыстары шығарылатын болады. Телеарнаның басты мақсаты – қазақ көрерменінің мәдени деңгейін көтеру. Gakku TV қазірдің өзінде Қазақстанның кабельдік желілері арқылы және «Отау ТВ» спутниктік желісі арқылы таратылуда. Телеарнаның жоспарында музыка индустриясының түрлі салалары туралы баяндайтын бағдарламалар топтамасын іске қосу да бар, – деді Тимур Балымбетов.

«Gаkku Media» басшысы Мұстафин Санжардың айтуынша, медиа ресурс Қазақстан эстрадасының шетелге танылуына үлкен септігін тигізбек. 

– Біз Gakku.com жаңа жобасын іске қосамыз. Бұл Қазақстан эстрадасының шетелде танылуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық ресурс ағылшын тілінде болады. Кейін басқа тілдерге де аударылуы мүмкін, – деді С.Мұстафин. 

Баспасөз мәжілісінің спикерлері хабарлағандай, 13 қыркүйекте Алматыда GAKKU ДАУЫСЫ жаңа музыкалық фестивалі өтеді. Жоба дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұрады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар