$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда алдағы жексенбіде Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылады

Алматыда 2014 жылдың 15-20 қыркүйек аралығында Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Кинофестиваль ЮНЕСКО-ның ресми күнтізбесіндегі атаулы мерекелердің біріне енген ұлы қазақ режиссері Шәкен Аймановтың жүз жылдығына арналады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Еуразия»ХКФ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Фестивальдің ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Алматы қаласының әкімшілігі болып отыр. 

«Еуразия» әлемдік беделді киноөндіріс – Кинопродюсерлер ассоциациясы Халықаралық федерациясының (FIAPF)  аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы жалғыз кинофестивальге айналды. 2012 жылы «International Film Guide» (Ұлыбритания) баспасы «Еуразия» ХКФ-ін әлемдегі 35 көшбасшы кинофестивальдердің тізіміне енгізді.

Биыл халықаралық конкурсқа қатысу мақсатында Қазақстан, Ресей, Франция, Корея, Жапония, Германия, Қырғызстан, Израиль, Бельгия, Өзбекстан, Ирак, Түркия, Индия, Қытай, Малайзия және тағы да басқа мемлекеттерді қоса алғанда 170 кино картина келіп түсті.

Кинофестивальға он екі картина таңдалып алынды, оның ішінде біреуі – қазақстандық. Фестивальде негізгі конкурстық бағдарламалардан тыс фильмдер де көрсетіледі.

Фестивальдің ашылу салтанатында  «Атамекен» фильмі көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары