11 қыркүйекте астаналық 26 жас суретші өздерінің үздік еңбектерін «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығында «Made in Astana» көрмесінде көпшілік назарына ұсынатын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының жазуынша, 6 жылдан бері іске асырылып келе жатқан жобаға еліміздің барша жас суретшілері қатысады.
«Бұл жолы көрмеге жас суретшілердің 70 астам еңбегі қойылады, соның ішінде көркемсурет, графика, фотосурет пен үш өлшемді инсталляция да, Ұлы Отан соғысына арналған туындылар да бар», делінген хабарламада.
Көрмеге Қазақ Ұлттық өнер университетінің түлектері мен тәуелсіз суретшілер қатысады. Олардың көбі жобаға бұрыннан қатысып жүр.