$ 498.34  519.72  4.85

Димаш Құдайберген мен Лара Фабиан Астанада ән шырқайтын болды

Димаш Құдайберген мен Лара Фабиан «Астана-Аренада» ән шырқайды. Бұл туралы бүгін «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асхат Маемиров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Лара Фабиан бірінші болып Димашпен бірге ән салғысы келетінін айтты. Ол Фэйсбукте өз директорына хабарласып, Димашпен танысқысы келетінін айтқан. Сондықтан, Димаш өзінің пиар-менеджері Алпамыс пен және әкесімен бірге Парижге барып келді. Лара Фабиан келісімін берді. Яғни, олар 25-26 маусым күндері дайындалып,27 маусым күні концерт береді», - деді ол.

Оның айтуынша, қазір екі әнші репертуарын талқылап жатыр екен. Олар «Адажио» немесе «Дайдидау» әндерінің біреуін орындауы мүмкін. Маемировтың айтуынша, концерттің көп бөлігінде Димаш ән салады.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Арыстанбек Мұхамедиұлы 27 маусым күні «Астана-Аренада» Димаш Құдайбергеннің концерті өтетінін хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары