Мәдениет & Шоубиз 13.04.2017 сағат 11:39

Singer-2017: Димаштың финалда қандай ән орындайтыны белгілі болды

Димаш Құдайберген «Singer 2017» ән байқауының шешуші бәсекесінде Майкл Джексонның әндерін орындайды деп жазады ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісіндегі ақпараттарға сенсек, 12 сәуір күнгі дайындық барысында Димаш өзімен бірге ән шырқайтын қытайлық әріптесі Шаң Венжемен Майкл Джексонның «Dangerous» сияқты әлемдік хитке айналған бірнеше әндерін қоса шырқаған.

Айта кетейік, байқауды ұйымдастырып отырған Хунань телеарнасының бас ғимаратына әншілердің үлкен суреттері ілініп, ақтық бәсекеге қызу дайындық жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Димаш «Singer» байқауындағы ерекше талантымен көзге түсіп, Қытайда ерекше танымалдылыққа ие болды. Жас талант 23 наурыз күні Шаңхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасының «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша, 9 сәуір күні Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар