Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толуына орай Астанада Түркия киносының күндері өтіп жатқаны белгілі. Кезекті көрсетілім 22 сәуір күні "Керуен" ойын-сауда орталығының кинозалында сағат 17:00-де өтеді.
Айтулы шараны Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырып жатқаны белгілі.
Бұл жолы көрсетілетін "Ұзын хикая" фильмінің басты ролін қазақстандық көрермендерге танымал актер Кенан Имирзалыоғлу сомдайды. Ол 2 мыңыншы жылдардың басында "Асау жүрек" телехикаясындағы "Юсуф Мироғлу" атты кейіпкерімен қазақстандықтарға танылған болатын.