$ 447.4  477.55  4.76

Димаштың Астанада өтетін концертінің билеттері 2-10 мың теңге аралығында сатылып жатыр

27 маусымда "Астана-Арена" стадионында Димаш Құдайбергеннің жеке ән кеші өтетіні белгілі. Бүгінде аталған концерттің билеттері сатылымға шыққан.

"Тикетон" сайтының мәліметінше, Димаштың концертіне сатылып жатқан билеттердің ең арзаны 2000 теңгені құрайды екен. Бұл стадионның оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс секторларындағы орындар. Ал, шығыс пен батыс секторлардағы орындар – 3000 теңге.

Димашты жақыннан көріп, әнін анығырақ естігісі келетіндер кем дегенде 8 мың теңгеге билет сатып алу керек. Сахнаның жанында орналасқан сектордың жоғарғы орындары – 8 000, төменгі орындары 10 000 теңге тұрады.

Айта кетейік, бүгін астаналықтар Димаш Құдайбергенді Астана әуежайынан күтіп алған болатын. Қайталанбас даусымен Қытайды бағындырған жерлесіміз Singer-2017 халықаралық ән байқауында екінші орын алып, "Аспан асты елінде" бірнеше концерт берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары