$ 498.34  519.72  4.85

Талдықорғанда «Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» байқауы басталды

Қазақтың көрнекті композиторы, КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқан Төлебаев атындағы IV Республикалық "Алтын таяқша" дирижерлер, "Кестелі орамал" вокалистер байқауы бүгін Талдықорғанда басталды.

Артына бай мұра қалдырған алып тұлғаның құрметіне арналған кезекті шара Талдықорғанда жыл сайын өткізіліп келеді. «Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» атты республикалық фестивальға республиканың әр аймағынан бұл жолы 30-дан астам үміткер қатысуда.

Байқаудың негізі мақсаты – Қазақстан композиторларының шығармашылығын шыңдау және насихаттау, олардың тың туындылары арқылы өнер ұжымдарының репертуарларын толықтыру. Үміткерлер Мұқан Төлебаевтың шығармаларымен бірге шет ел классикасынан да өзі таңдаған туындыларды орындайды. Қатысушылардың дені облыстық филормонияларда еңбек етіп, үлкен сахнаға шығып жүрген кәсіби мамандар.

Байқау 3 күнге созылады. Жеңімпаздар қорытынды күнгі гала-концертке қатысып, жұртшылық алдында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері, композитор - Мұқан Төлебаев атындағы Республикалық байқау әр екі жылда, Алматы облысының Мәдениет басқармасының қоолдауымен өткізіліп отырады. Биылғы байқаудың ерекшелігі, қазылар алқасының арасында шет елдік халық әртістері де бар. Сондай-ақ, өткен жылдары жүлдегер атанған жеңімпаздар  осы жылғы қатысушыларға әділ бағасын бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары