$ 441.66  475.14  4.86

Мұхтар Мағауиннің «Бір уыс бидай» әңгімесінің желісінде фильм түсірілді

Алматы облысында қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауиннің «Бір уыс бидай» әңгімесінің негізінде түсірілген фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасы хабарлап отыр.

Бұл өткен ғасырдың отызыншы жылдарында болған ашаршылықтың ащы шындықтарын көрерменнің көз алдына елестеткен шынайы шығарма.

Қысқаметражды фильмді «Жетісу» телеарнасы түсірген. Сценарийі көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин шығармасының желісінде жазылған. Ал ондағы кейіпкерлердің бейнесін Алматы облыстық драма театрының әртістері мен жергілікті тележурналистер сомдаған. Бұл облыстық телеарна ұжымының екінші фильмі. Бұдан екі жыл бұрын жұртшылық назарына «Құдайы қонақ» комедиясы ұсынылған болатын.

Кендебай Темірбайұлы, актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қысқа метрлі фильмдердің айтары кейде көп болады. Соған қуанып отырмын бір, екіншіден Жетісу жерінде тырнақалды көркемфильмге деген бір қадам болса да жақындап, игілікке жол салдық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары