$ 498.34  519.72  4.85

Таразда ақын Қайырбек Асановтың жыр кеші өтті

Жамбыл облыстық Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп интернатында көрнекті  ақын, Қазақстан Репуликасынка еңбек сіңрген қайраткері Қайырбек Асановтың жыр кеші өтті. «Адалдық асыл мұратым атты тақырыпта болған мәдени іс-шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

«Рухани жаңғыру» аясында мектеп оқушыларымен өткен  кеш сыршыл ақынның өмірі мен шығармашыллығынан мол мағлұмат беретін жылжымалы кітап көрмесін тамашалаудан  басталды. 1970 жылдары өлең өлкесіне өзіндік қолтаңдбасымен келген  Қайрбек Асановтың қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. 1978 жылы «Тұңғыш» атты кітабының тұсауы кесілгеннен бері тынбай ізденіп,қаламы қолынан түспеген қаламгер  бүгінде 10-нан астам кітаптың авторы.

Шығармашылық кешке Қайырбек Асанов Алматыдан түпкілікті Тараз қаласына қоныс аударып, көшіп келгенде жазған тың туындысын алып келіпті. Жинаққа негізінен Жамбыл өңіріндегі тарихи орындар мен көріктілігімен көз сүйсіндірер көркем жерлері және әсем табиғаттар суреттелген үздік өлеңдері енген.

«Осы қасиетті Тараз топырағына келгелі шамамен 4-5 жыл уақыт болды. Сол уақытта талай кездесулерге бардық. Солардың ішінде ең әсерлісі әдемісі осы Н.Тілендиев атындағы мектеп интернатында болды десем артық айта қоймаспын. Басқосуға келген жастар да, аға буын да әдебиетке жаны құмар екені бірден білінді», - дейді ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Қайырбек Асанов.

Оқушылармен болған кездесу барысында  ақын өзінің шығармашылығы  жайлы әңгімелеп, жаңа өлеңдерін оқыды. Бұл күні өлеңге талаласы бар өрендер де  өз өнрелерін ортаға салды. Жалпы Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп интернатында 400- ге жуық оқушы тәрбиеленіп жатса, олардың ішінде републикалық, облыстық түрлі фестиваль байқауларында көзге түсіп, топ жарғандары да жетерлік. Міне солардың атсалысуымен ақынның сөзіне жазылған Туға жер, Өскен елге арналған патриоттық әндері шырқалып, өлеңдері оқылды

«Мен ақын Қайырбек Асановты жақсы білемін. Кітаптарымен таныспын. Өлеңдерін жатқа оқимын. Бізбен кездесуге келгеніне өте қуаныштымын. Осындай кездесулер көп бола берсе екен деп тілеймін», - дейді шығармашылық кешке келген Н. Тілендиев атындағы мектеп интарнаттың 8- сынып оқушысы Құралай Жақан.

Кесдесу соңында ақын мектеп мұражайымен танысып, өзінің тың туындысы «Күзгі шуақ» атты кітабын сыйға тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары