$ 498.34  519.72  4.85

Таразда «Рухани жаңғыру: Мәдениет және Өнер» тақырыбында семинар өтті

Елбасының бұған дейінгі жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламалары ел экономикасын тіктеуге негізделсе, биыл жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы» идеология саласына серпіліс әкелмек. Яғни, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, халықты рухани азықтандыруға жұмыс істейді.

Осынау бағдарлама аясында бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған іс-шара өтіп үлгерді. Мақала ауқымды және бірнеше басым бағыттан тұрғандықтан ол қоғамдағы барлық маманды, қарапайым азаматтарды түгел қамтиды. Олардың қатарында әсіресе мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне ерекше міндет атқарылып отыр. Дәл осы саланың өкілдері халыққа рухани азық беруі тиіс.

Содан да болар, бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Мәдениет және Өнер» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.

Іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыруға бағытталған. Мақсат – аудандық клуб мекемелерінің қоғамда алатын орнын көрсетіп, заманауи талаптарға сай жұмыстарды жүргізудегі туындайтын мәселелерді шешу.

Жиында облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары мен аудандық мәдениет үйінің әдіскерлері түрлі тақырыпта баяндама жасады. Негізгі мәселе клубтардың құжаттарын модернизациялау, ғаламтор арқылы ақпарат таратудың жаңа жүйесін енгізу. Сондай-ақ семинар барысында мамандар жаңа үлгідегі жұмыс түрлері мен тәжірибе алмасу  жөнінде өзара пікір алмасты.

«Мәдени ашықтық – халық мәдениетінің сыртқы және ішкі тұтынушы үшін қолжетімді екендігін білдіреді. Мәдени ашықтық – бұл төл мәдениетіміздің мүмкіндігі. Қазақстанға келуі қауіпсіз ғана емес, пайдалы танымды екендігіне қол жеткізу үшін Қазақстан туралы жаппай хабардар етуді қамтамасыз ету», - дейді облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Жанат Тұрлығұлова.

 «Бүгінгі семинарға аудандық мәдениет үйі, клуб мекемелерінің әдіскерлері қатысып, жұмыс түрлерімен танысып және де қызметкердің шығармашылық белсенділігін арттыруда өзара кәсіби тәжірибесі мен ой пікір алмасуына айтарлықтай ықпал етеді деп сенемін», - деді облыстық халық шығармашылығы орталығы ақпараттық – әдістемелік жұмыстар және мониторинг бөлімінің басшысы Мөлдір Қыздарбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары