$ 498.34  519.72  4.85

Ақбота Керімбекова күйеуімен дуэтте ән айтты (ВИДЕО)

Биыл тамыз айында үшінші мәрте отбасын құрған Ақбота Керімбекова жұбайымен дуэтте ән айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жазды.

Әнші әлеуметтік желіге жары Рауан Дәулетовпен бірге түскен суретін жариялап, әннен 1 минуттық үзінді жүктеген.

«Рауан Дəулетов пен Ақбота Керімбекованың орындауындағы "Бақытты болу жай ғана" әні», – деп жазған Керімбеков.

 Әннің музыкасы мен сөзін Индира Елубаева жазған.

 «Аяулы тәтті бұл шақтарға, Куәгер түн мен Ай ғана. Арманым менен алыстамай, Жаныма болшы қайда да. Өмірдің сыйы сенсің жаным, Өзіңмен жарық айнала. Біздердің жалғыз тілегіміз, Бақытты болу жай ғана», – деген ән қайырмасы махаббатқа толы кіршіксіз сезімді бейнелейтіндей.

Естеріңізде болса, өзінен 8 жас кіші азаматқа тұрмысқа шыққан соң, Ақбота Керімбекова тегін Дәулетова деп өзгертетінін айтқан еді. Алайда, әнші әлі жұбайының тегіне ауыса қоймағанына қарағанда бұл райынан қайтып қалғанға ұқсайды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары