$ 498.34  519.72  4.85

«Астана Опера» театры Еуропаға гастрольдік сапармен барады

«Астана Опера» театры 22 және 23 желтоқсан күндері Венгрияға жол тартады деп мәлімдейді «Астана Опера» Опера және балет театрының баспасөз қызметі.

Театр труппасы ел астанасы Будепештте және Печ қаласында өнер көрсетпек. Қызықты да қанық концерттік бағдарламаны Ференц Лист Музыкалық академиясының атақты концерт залында және ұлы венгр композиторы Золтан Кодай атындағы әйгілі концерт залында ұсынады.

Көрерменге ұлттық және әлемдік классикалық туындылар ұсынылады.

«Венгриядағы гастроліміз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына бастамашылық етті. Әртістер қазақ халқының рухани құндылықтары, ұлт рухы бейнеленген ұлттық жәдігерлерді орындайды. Мақсатымыз – мәдениетімізге көпшіліктің назарын аудартып, Қазақстанға келуге ниет білдіретін жаңа достар мен өнер сүйер қауымға ие болу», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.

Концертке опера репертуарын керемет орындаушылар мен «Астана Опера» театры балет труппасының шоқ жұлдыздары қатысады. Олардың ішінде көптеген халықаралық байқаулардың Бас жүлде иегері Бақтияр Адамжан, театрдың жетекші солисі Әйгерім Бекетаева мен Мәдина Басбаева және т.б.бар.

Дирижерлік пульт басында «Астана Операның» бас дирижері – әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев және Айдар Әбжаханов тұрады.

Театр ұжымы 22 желтоқсанда Печ қаласындағы алғашқы өнерін көрсетсе, ертесі Венгрия астанасы – Будапештте концерт береді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары