$ 444.32  473.33  4.76

Алматыдағы колледж студенттері ақын Қасымхан Бегмановпен кездесті

Алматыдағы Электромеханикалық колледж студенттері көрнекті ақын, энограф, мұстафатанушы Қасымхан Бегмановпен кездесті. Іс-шара «Нұр Отан» партия Бостандық аудандық филиалының қолдауымен және ұйымдастыруымен өтті.

Рухани-шығармашылық кездесу Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылу барысын талқылау аясында, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 26 жылдығын  мерекелеу  қарсаңында, сондай ақ «Ұлы дала қазынасы» партиялық жобаны іске асыру мақсатында жүзеге асып отыр.

Кездесу мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен насихаттау.

Шараға «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары  Баймұрат Жамбылов, партияның саяси кеңес мүшесі М.Ауелбай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Б.Әбдәліұлы және  колледж ұстаздары мен тәлімгерлер қатысты.

Кездесуді  «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасыынң бірінші орынбасары Б.Жамбылов ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына тоқталып, аудандағы барлық ұйымдар мен мекемелерде өтетін іс-шаралардың барлығы дерлік осы маңызды құжаттың аясында өтетіндігін айтып өтті. Бүгінгі шығармашылық кездесу де жас ұрпақты тәрбиелеуге және біздің замандастарымыздың, көркем сөзді жасаушылардың мәдени құндылықтарын сақтауға арналады деп  сөз кезегін  қонаққа берді.

Тартымды әрі қызықты әңгіме барысында  Қасымхан Бегмановөзінің жеке шығармашылығы, еңбек жолында жарық көрген өлеңдері туралы  айтып,  өз өлеңдерінен үзінділер оқыды.  Артынан тыңдаушылардан қойылған  сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында « Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы фиилиалының саяси кеңес мүшесі Әуелбай Мұхит Асанұлы  және электромеханикалық колледждің алғашқы партия ұйымының төрағасы Бозымбаев Болатжан Дәулетұлы және партияның аудандық филалының кеңесшісі Б. Әбдәліұлы сөз сөйледі.

Жиын соңында аталған оқу мекемесінің тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қасымхан Бегманов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері; Қазақстан Жастар Одағы, халықаралық «Алаш»  және  тәуелсіз «Ильхам», Т.Айбергенов атындағы республикалық әдеби сыйлықтарының лауреаты; ҚР Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, ҚР Жазушылар Одағы 
поэзия кеңесі төрағасының орынбасары; Қазақстан Журналистер одағының, Халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының, Бас редакторлар клубының мүшесі; Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына орай өткізілген республикалық жыр мүшайрасының бірінші орын иегері; Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы, көрнекті ақын, этнограф, мұстафатанушы.  Қасымхан ағамыз, жоғарыда аталып өткен атақтарынан басқа, қазіргі таңда республикалық ұлттық-энографиялық «Дәстүр» журналын шығарып руханият саласында өте үлкен жұмыстар атқарып жүр. Одан басқа алаш қайраткері Мұстафа Шоқай жайында бірнеше кітаптар жазып, «Мұстафа  Шоқай жолымен» атты төрт бөлімді тарихи деректі фильм түсіріп, ол еліміздегі орта  мектептерде   тарих пәніне қосымша электрондық оқулық ретінде бағдарламаға енген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары