$ 494.87  520.65  4.91

Сәкен Майғазиев ажырасып, екінші әйел алу туралы айтты

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиев ажырасып, қос-қостан әйел алғандар туралы жарыса жазатын тілшілерге өкпелі. Өнер иесі Hit tv арнасына "елімізде әдемі отбасымен елге танылған азаматтар көп, соларды дәріптейік" деп сұхбат берді.

Жасыратын түгі жоқ, бүгінде отбасын ойыншыққа айналдырғандар көп. Бірі жанұясын бұзса, ал, енді бірі жарын жасыруды сәнге айналдырған. Өзекті мәселелерге өзіндік пікір білдіруден тайсалмайтын Сәкен Майғазиев ошағын ұйытып, отын өшірмегендерді үлгі тұтады.

«Бұрын қалай танымал болдым, сол кезден бастап жасырған емеспін. Бізде сондай бір жаман пікір қалыптасқан, өнер адамы болса, тұрақсыз, ажырасып кете береді. Әңгімеге көп ілігетін бізбіз. Неге десеңіз, жұрттың назарында жүреміз. Инженерлер, өкіметте жүрген адамдар, тракторшылар, әр түрлі салада жүрген азаматтар ажырасып жатыр. Бірақ олар танымал болмағаннан кейін білінбейді. Осы орайда айтарым, неге Ескендір Хасанғалиев, Дарико секілді апайларымызды, Қарақат пен Қыдырәліні үлгі тұтпасқа? Неге соларды көбірек жарияламасқа?», – дейді Майғазиев.

Өнер адамдары қашан да ел назарында жүреді. Олардың өмірінен өнеге алатындар да көп. Осы ретте әнші әріптестерін жақсы жағынан үлгі болуға үгіттейді.

«Жақсы жағынан үлгі болуға мейлінше тырысып жатырмыз. Әркім өзі шешеді. Әйелін көрсете ме, көрсетпей ме. Бірақ ең бастысы ашық-шашық киінбеу керек деп ойлаймын. Адал жарымды көрсетуге арланбаймын. Ең бастысы ашық-шашық киінбейді. Аллаға шүкір, 7 жылдан аса уақыт намаз оқиды», – дейді әнші.

Майғазиев өскелең ұрпаққа өнеге болудан қашпайды. Құдай қосқан қосағымен бірге жүруді жөн көретін ол жұбайы жайлы жылы лебізін жеткізді.

«Балаларымның анасы деп еркелетемін. Бірақ көпшіліктің көзінше, «жаным, туған күніңмен» деп еркелетіп тұрған қыз балаға да ер балаға да жараспайды. Жақсы көресің бе жүрегіңмен білдір. Болды. Міндетті түрде жұрттың көзінше сүйісіп, құшақтасу шарт емес. «Жаным» деген сөздің де қадірін түсіру шарт емес. Жүрекпен сүю керек», – дейді С.Майғазиев.

«Жақсының өзі кепіл, жаманның сөзі кепіл» деген. Өнер иесі амал-әрекетімен, әдемі сөзімен көптен халқының көзайымына айналған. Себебі, ол «Білгеніңді үйретпесең, білгеніңнен не пайда» деген ұстанымға берік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары