$ 449.58  486.94  4.86

Тойда «жер тесілгенше» билеген Жанар Айжанова желіні шулатты (ВИДЕО)

Бірнеше күннен бері өнер жұлдыздары әнші Өмірқұл Айниязовтың 40-қа толған туған күнінен әлеуметтік желіге суреттер мен видеолар жүктеп жатыр. Солардың арасында Жанар Айжанова да бар. Лезгинкаға «жер тесілгенше» билеген әншінің бұл әрекеті көпті күлкіге қарық қылды.

Тойда асабаның әдеттегі ойынына қатысқан Айжанова би жарысынан жеңіп, 100 доллар ұтып алғанын жазды.

«Құдай-ай, Өмірқұлдың 40 жасында би жарысқа қатысып, 100 доллар ұтып алған едім, хит болдым. Көрсетпей жасырып жүрсем, Өмірқұл парақшасына баяғыда салып қойыпты. Мынау соның жалғасы. “Ішкен ас түске дейін жетпейді, ықылас өмір бойы естен кетпейді” деген, барымды салып билеп, сүбелі үлес қостым осылай. Алла бұйырса, Өмеш, 50 жасқа толып той жасаса, Ұлықпанмен “Қара жорға” билеп, 500 доллар ұтып алсам деген есек дәмем бар», – деп жазды ол instagram-парақшасына.

Ал, оқырмандарға әншінің бұл биі қатты ұнаса керек, бәрі жарыса, таң қалғандарын жасырмай жазысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары