$ 494.87  520.65  4.91

Бибігүл Төлегенова тікелей эфирде жылап жіберді

КСРО-ның Халық артисі Бибігүл Төлегенова жастық шағын сахнада өткізіп, балаларына тиісті дәрежеде көңіл бөле алмағанын айтқан еді. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірген бұлбұл әнші бүгінде немере және бірнеше шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Алайда қызы Мәриямгүлдің қазасы Бибігүл Ахметқызының жүрегінде орны толмас із қалдырған.

Бибігүл Төлегенова бүгінде қызы Гүзелмен бірге Алматыда тұратынын айтты.

“Гүзелім физик, IT технология маманы, Мәриямгүлім Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері болды. Осыдан 11 жыл бұрын жоғалттым. Ол өзімізден де болуы да мүмкін, қазақшылыққа салынып, кештетіп барамыз дәрігерге. Жүрегі ауыратын. Қызымның артында баласы қалды. Сол Қайратымнан екі шөберем бар. Гүзелімнен бір немерем бар, өкінішке қарай оның баласы жоқ.

Ал Төлегенім театр институтын бітіріп, біраз уақыт қана мәдениет саласында жұмыс істеді. Әкімшілік жұмыстармен шұғлданып кетті. Аяғын сындырып, қазір мүгедек болып отыр. Қазір Гүзеліммен тұрып жатырмын. Әрине, менімен өмір сүруге оған қиын болды. Ол физик маманы, мен мәдениет саласының маманы. Үнемі менімен бірге жүруі керек”, – деп әңгімеледі Бибігүл Ахметқызы.

Төлегенова марқұм қызын жиі түсінде көретінін жасырмады.

“Қашан да болса жарқырап, күліп, қасымда жүріп шығып кетеді. Сонда арғы жақта мені ойлап жатыр екен деп ойлаймын.

Әрине, Мәриямгүл кеткенде маған қиын болды. Өйткені ол менің қызым ғана емес, екеуміз бірге жұмыс істедік. Көп уақыт сахнаға бірге шықтық, гастрөлдік сапарға да бірге бардық. Сондықтан маған қиын болды. Енді адам деген бәріне шыдау керек қой. Болған іске болаттай берік бол деген”, – деген әнші көз жасына ерік беріп, жылап қалды.

Сұхбат барысында Бибігүл Ахметқызы 70 жылдық мерейтойына Астанадан 4 бөлмелі пәтер сыйлаған елбасыға алғысын жеткізді.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары