Бұған дейін Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың «Баян Сұлу» телехикаясын сынап пост жазған болатын. Осыдан 3 күн бұрын әнші осы қылығым үшін «QAZAQSTAN» телеарнасының наурызға арналған түсіріліміне шақырту алмай қалуым мүмкін деп күдіктенетінін де жеткізген. Алайда, кеше Меруерт жұртқа мерекелік шараны аса уайымдамайтынын айтты.
«Шаба екеуміз дуэт жаздық. Енді Ерлан Қарин мырза фейсбукте жазған сөзінде тұра ма екен? "Әр адам пікірін білдіруге құқығы бар" деп еді. Әлде, кім шығып, кім шықпайтынын Сатжан шеше ме? Ым-ды тусінбеген дым-ды түсінбейді. Кей ақымақтар мені уайымдап жатыр деп ойлап отыр мұнда. Мен жақындарымның жағдайынан басқа ешнәрсені уайымдамайтын әдетім бар. Пішту деп алға журе беремін», – деді әнші өзінің Instagram-парақшасындағы жазбасында.