Мәдениет & Шоубиз 05.03.2018 сағат 10:49

Бағым Мухитдинова туысы Ашаны жақтап, «Қалаулымды» жабуға қарсы шықты

Продюсер Бағым Мухитдинова туыс сіңлісі әрі атышулы «Қалаулым» бағдарламасының жүргізушісі Аша Матайды жақтап желіге пост жазды. Оның айтуынша рейтингі жоғары әрі көрермені көп жобаны жабу – әбестік.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Рейтингісі өте жоғары бардарламаны жабайық деп жатқандарды түсінбеймін. Егер көп көрермен жинаса, онда көруге әбден тұрарлық жоба болғаны да. Сондықтан мен бағдарламаны жабуға қарсы екенімді айтқым келеді. Әріптестер, өтініш, түсіністікпен қараңыздар. Аша, мен әрқашан өзіңмен біргемін»,  – деп Мухитдинова сіңлісіне қолдау білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін «Қалаулым» бағдарламасының жабылатыны жайлы сүйінші хабарды айтыскер ақын Айнұр Тұсынбаева өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеген болатын. Тіпті, Сәкен Майғазиевті қолдаған әріптестері «Қалаулым» жабылсын» деп флешмоб та бастаған. Кейін Алматылық жастар «жобаның жабылуына қарсымыз» деп видеоүндеу жолдады.

 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар