Баян сүйемелдеуімен Қайрат Нұртастың «Туған күн» әнін айтқан Меруерт Түсіпбаеваға тыңдармандары риза болды. Видеоны әнші өзінің Instagram-парақшасына жүктеді.
Кадрда танысын жекеменшік мерекесімен құттықтаған Меруерт Түсіпбаева қолына торт алып, Қайраттың әнін шырқай жөнеледі. Дәулет есімді жігіт музыканы баянмен сүйемелеп, әннің кейбір тұстарына қосылып отырды.
Әншінің бұл әншашуына тыңдармандары риза болып, түрлі жағымды пікірлер қалдырды. Тіпті, Қайрат Нұртастың өзі «Бауырыма әдемі ән үшін рахмет. Талантты әнші, баянист», – деп ыстық ықыласын білдірді.