$ 498.34  519.72  4.85

«Ағашкілерге» апарады: «KешYou» тобының қыздары тек ән айтып табыс таба ма? (ВИДЕО)

Журналист Аман Тасыған «КешYou» продюсері Баян Алагөзовадан қыздары жайлы сұрады. Ол топтың «ағашкілерге» қызмет көрсетіп те ақша табатыны қаншалықты рас дүние екенін білгісі келді.

«Баян «КешYou» тобын тек ақша табу үшін ән айттырмайды. Ағашкілерге апарады. Ағашкілерге қызметтерін жасайды қыздар. Содан кейін ғана оларға ақша төлейді деген пікір бар. Бұл қаншалықты рас?», – деген сұраққа Баян байыппен ғана жауап қатты.

«Қыздардың жеке өміріне мен араласпаймын. Бірақ жұмыста тек жұмысты ойлаңыздар деп айтып отырамын. Өйткені, бірінші орында репутация. «КешYou» 12 жылда жақсы репутация қалыптастырды. Жақсы, сапалы әндер жазды. Мен «ағашкілердің ақшасына күнім қарап қалған адам емеспін. Өте күлкілі. Мұндай нәсені сізден естіп тұрмын алғаш рет», – деді Алагөзова.

Еске сала кетейік, бұған дейін «КешYou» бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбекова продюсердің ашық киім киюге мәжбүрлейтінін мәлімдеген. Бірақ Алагөзова оның бұл пікірін жоққа шығарып, әншілермен де санасатынын айтқан еді.

Сондай-ақ, танымал актриса Жания Журинская да отандық тілшілердің біріне сұхбат беріп, Баянның қолында жүргенде «ағалардан» тоқал немесе көңілдес болуға ұсыныстардың түскенін жасырмай жайып салған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары