$ 444.22  476.38  4.82

Баян Алагөзова экс-күйеуінің көзіне қанша еркекпен шөп салған? (ВИДЕО)

Баян Алагөзова өмірінде тек 2 еркекпен төсек қатынасында болған ба? Бұл сұрақты журналист Аман Тасыған «TalkLike» бағдарламасында танымал продюсердің өзіне қойды.

Алагөзова сұрақты ести салысымен күліп, абдырап, жанында тұрған сусынын бір ішіп, кібіртіктеп қалды.

«Аман, бұл не деген сұрақ? Шынын айтсам, қоғам бұндай ашық нәрсеге дайын емес. Сондықтан менің бұл сұраққа жауап бермеуге құқым бар. Мен жауап бермеймін», – деп қысқа қайырды. Яғни, ол «жоқ, арым таза» деп жауап бере алмады.

Ал журналист болса, «Сіз мүмкіндігіңізді осы жерде пайдаландыңыз. Баян ақымақ емес» деп тақырыпты жылы ғана жауып қойды.

Еске салайық, Баян Алагөзова бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың көзіне шөп салғанын жасырмай айтқан болатын. Екеуінің жанжалдасып, ажырасуына да сол себеп болған секілді. Артынша ол Турсен Алагөзовке күйеуге шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары