Мәдениет & Шоубиз 06.03.2018 сағат 05:54

Баян Алагөзованың жаңа фильмінде басты рөлді сомдаған жас қыз кім? (ФОТО)

Бүгін ғана тұсауы кесілген Баян Алагөзованың кезекті жаңа «Сиситай» мюзиклі жарыққа шықты. Бюджеті 400$ тұратын кинода продюссерлік орталықтағы әншілердің көпшілігі ойнаған. Басты рөлді продюсердің өзі сомдаған фильмнің тұсаукесері 5 наурызда өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Фильмде басты рөлде ойнаған Баянның жаңа «жұлдызы» Әйгерім Мергенбайдың жасы он жетіде.

Жүргенов атындағы колледждің үшінші курс студенті осы уақытқа дейін Баян ұйымдастырған кастингтерге бірнеше рет барғанын айтты.

«Осы уақытқа дейін барлық кастингтерге барып жүрдім, бірақ мені үнемі қабылдамайтын. Осы жолы мені кастингке өздері шақырды», - дейді Айгерім.

Сонымен қатар, Әйгерім болашақта ән жазып, жеке әнші ретінде сахнаға шығу жоспарында бар екенін айтты. Ән айтуды бала кезінен бастап сүйетінін айтқан ол Алагөзова ханыммен кинодан кейін ешқандай келісім-шартқа отырмаған.

Дегенмен, алдағы уақытта әнші ретінде продюссерлік орталыққа шақырту алса, қарсы болмайтынын да жасырмады.

Тіпті «Кешью» тобының құрамында ән айту туралы ойланып жүрген көрінеді.

Айта кетерлігі, Баян Алагөзованың бұл фильмі жарыққа шықпай тұрып, жарнамасымен көпшілікті шулатқан болатын.

Дереккөз: NUR.KZ

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар