Бұған дейін тыңдармандарынан «әйелім жүкті, ұл күтіп жүрміз» деп сүйіншілеткен Сәкен Майғазиев келіншегінің УЗИ қорытындысын айтты. Дәрігерлер қыз деп айтқанымен әншінің отбасы әлі күнге ұл баладан үмітті.
«Жұбайым екеуміз үшінші қызды күтіп жүргенбіз. Алдын ала болжамаймыз ғой, бірақ медбикелердің айтуы бойынша қыз сияқты. Ал бірақ жақындарымның бәрі түсінде ұлды көреді. Кішкентай екі қызым да «ұл болады» деп қоймайды. Ауыздарынан тастамайды. «Көрдік, сенен аумайды екен» деп үлкен қызымды, біресе кіші қызымды алдаймын. Әдемі қыз болады десем, сенбейді. Екеуі де ұлды күтіп жүр. Алла нәсіп етсе, мүмкін бесіншісі ұл боп қалар. Алла соған жеткізсін», – дейді әнші «НТК» арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында.
Әнші қыз бала дүниеге келсе де, 5-сәби ұл болады деп үміттенеді. Бастысы – дені сау бала өмірге келсін деп отыр ол.