$ 494.87  520.65  4.91

Сарттар да келе ме? "Түнгі студия" жүргізушісі алғашқы эфирінде Төреғали Төрәліні келеке етті

«Qazaqstan» телеарнасынан шығатын «Түнгі студия» бағдарламасын енді Нұрлан Қоянбаев жүргізбейтіні бұған дейін мәлім болған. Жоба тізгінін қолға алған танымал актер Қайрат Әділгерей алғашқы эфирінде-ақ көпті күлдіріп, Төреғали Төреәліні келеке етті.

Студияға қонаққа Сәкен Майғазиевті шақырған Әділгерей әншінің алдағы ән кеші жайлы сұрап, сөзін қалжыңға айналдырды.

«Концертіңізге сарттар, ой сарттар деппін ғой, қарттар келе ме? Бұл сөз өзекті болған соң аузыма түсіп кетіп жатыр, кешіріңіздер, шатасып жатырмын. Қарттар дегім келді», – деген жүргізушінің сөзіне Сәкен Майғазиевпен қосыла көрермендер де күліп алды.

Естеріңізге сала кеттейік, Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте қарт кісіге «Еріккен сарт... » деп басы дауға қалған. Кейін ол тікелей эфирге шығып, көптен кешірім сұраған еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары