Жуырда ғана сүйіктісімен айырылысып кеткенін айтқан Әлішер Кәрімов тағы да ел назарына түсті. Елге қалыңдығы ретінде таныстырған отандық актриса ешқашан әншімен жақын қарым-қатынаста болмағанын айтты. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында белгілі болды.
Әлішер Кәрімовтің сүйіктісіне үйленбейтін болды деген мәлімдемесінен кейін Диора Романова есімді отандық актриса өзінің Instagram желісінде айрықша жазба қалдырды.
«Ешқашан Әлішерге тұрмысқа шықпағанмын. Арамызда ешқандай қарым-қатынас та болмады. Бұл жай ғана БАҚ өкілдеріне арналған PR-жоба болатын», – деп жазған бойжеткен.
Диора Әлішермен айырылысқаны туралы ақпаратқа қатты ренжіп қалған сыңайлы.
«Жоқ, ондай нәрсе болған жоқ. Қазір жақсы араласамыз. Тіпті кей кезде бірлескен түсірілімдерге де барамыз», – деді ол.
«Енді менің әйелдерге тән көңілшектігім шығар. Бірақ бұл құпия», – деп қысқа қайырды актриса.
Дереккөз: NUR.KZ