Екі жыл бойы араздасып келген Алагөзова мен Қонарова «Сиситай» фильмінің премьерасынан кейін бір-бірімен құшақтасып көрісті. Олардың бұл әрекетін көрген көпшілік қунып қалды.
Осыдан 2 жыл бұрын Алуа Қонарова мен Баян Алагөзова бір-біріне аңдамай сөйлеп, ренжісіп қалған. Алагөзова күйеуінің соққысынан ауруханаға түсіп, әл үстінде жатқанында Қонарова оның жағдайын білмекке барғысы келген. Алайда, Баян кездесуге дайын емес екенін айтқан еді. Енді қос продюсер дос болмаса да, араларында араздық жоқ екендерін көрсетті.
Көпшілік оларды бірге көргендеріне қуанып, ізгі тілектерін жазды.