Қайрат Нұртас бұған дейін балаларын халыққа арнайы таныстыратынын мәлімдеген. Межелі күн әрине, оның Астана мен Алматыда өтетін жеке ән кеші болатын.
Дәл қазір әншінің шығармашылық кешін жарнамалау науқаны қызып жатыр. Тіпті, бүгінге дейін бір де бір суреті жарияланбаған ұлы да әкесінің концертіне көпшілікті шақырып, елді қызықтырып қойды.
«Ассалаумағалейкүм! Менің әкем – Қайрат Нұртас. Әкемнің ән кешіне келіңіздер. Мен сіздерді күтемін», – деді Хан Қайратұлы.
Ән кеші Астана қаласындағы Орталық концерт залында 19 наурыз күні өтеді. Ал араға 3 күн салып, ән кеші Алматыдағы Республика сарайында жалғасады.