11.03.2018, 07:42

Қабырғалары түскен: Сәкен Майғазиев 21 жыл бұрын тұрған үйін көрсетті (ВИДЕО)

Сәкен Майғазиев өзінің осыдан 21 жыл бұрын Алматыда тұрған үйін көрсетті. Жаңа отау құрған кезін әнші Instagram-парақшасында еске алды.

Майғазиевтің айтуынша ол бұл үйде 1997 жылдары тұрған. Енді шаңырақ көтерген жастар ағасы мен жеңгесінің қолдарында болыпты-мыс.

«21 жыл бұрын осы «хрущевкада» 2 бөлмелі пәтер жалдап, ағам мен жеңгемнің қолында тұрған едік. Арнайы ат басын бұрдық», – деп жазды әнші.

Осылай дей келе ол көпшілікті шүкірлік етуге, тәубеге шақырды.