Баян Алагөзованың екінші қызы Айару Instagram-парақшасына өзінің келбетіне қатысты біраз кемшін тұстарын жазды. Бірақ ерке қыз соған қарамастан өзін толыққанды бақытты сезінетінін жеткізді.
«Мен өзіне сенімсіз адамдардың қаншамасын көрдім? Өзіңізді қалай қабылдасаңыз, мына әлем де солай қабыл етеді. Мысалы, менің көп кемшіліктерім бар. Бірақ жақын адамдарым да, сіздер де мұны білмейсіздер. Менің көзім нашар көреді, терім де жақсы емес, мұрным кішентай және бұдан да басқа кем тұстарым жетерлік. Бірақ осыған бола ұнжырғамды түсірген емеспін», – дейді Айару.
Көпшілік те Баянның кіші қызының сөзіне қосыла кетті. «Бастысы денсаулығың болса, қалғанына бас ауыртудың қажеті жоқ» деп жазысты желі қолданушылары.