19.03.2018, 10:47

Мейрамбек Бесбаев көз тиюден сақтап жүрген ұлын халыққа бірінші рет көрсетті (ФОТО)

Мейрамбек Беспаев көз тиюден сақтап жүрген ұлын алғаш рет жұртқа көрсетті. Әнші отбасымен саяхаттап жүрген суреттерін Instagram-парақшасына салды.

Египеттен ерекше фотолар жүктеп, елге сәлем жолдап отырған Мейрамбек ұлының түрлі суреттерін жариялады. Көпшілік әншінің баласын келіншегі Мархаббатқа ұқсатып, «тіл көзден сақтасын» деп тілек білдірді.

Айта кетейік, биыл әнші келіншегімен жиі саяхаттап, отбасына көп көңіл бөліп жүр.