Осыдан бірер күн бұрын танымал рэпер Жан Ахмадиевтің Алматыдағы жезөкшелерді қуып, қамшымен сабаған видеосы желіге таралып кеткен болатын. Көпшілік арасында оның бұл әрекетін жақтағандар да, даттағандар да табылды. Танымал продюсер Баян Алагөзова да бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп үлгерді. Кезінде күйеуінен "жеген таяғы" есіне түсіп кетсе керек, продюсер Ахмадиевтің әрекетін әбден сынап, оның істегені жігіттік емес деп сөкті.
«Бұрынғының батырлары елді, жерді жаудан қорғаса, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабап жүр. Онымен тоқтамай, сол әрекеттерін камераға түсіріп, жұртқа көрсетеді. Ең сорақысы – көпшілік осыны қолдап, рэпердің арқасынан қағып отыр. Құқық қорғау органдары бұл іске қатысты салғырттық танытпай, қолға алады деп үміттенем», – дейді Баян Алагөзова өзінің Instagram-парақшасындағы жазбасында.
Ал, Алагөзованың оқырмандары арасында Жан Ахмадиевті қолдағандар аз. Продюсердің парақшасына жазылғандар Баянның бастамасын мақұлдап, рэпердің жазалануын сұрап отыр.