Танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың жары Мөлдір бұған дейін күйеуімен ажырасқанын желі арқылы мәлімдеген болатын. Сол күннен бері әнші Instagram-парақшасына мұңлы жазбалар қалдырып жүр.
Кішкенбаев екі қызымен бірге түскен ескі суреттерін салып, жүрек елжіретер сөздер жазған.
«Өмір, өмір, өмір. Кімде қанша уақыт қалғанын ешкім білмейді. Уақыт өз заңымен жылжуда. Уақыттың қалай өтіп жатқанын байқамаймыз. Мүмкін бұл біздің соңғы батқан күніміз шығар», – деп жазды Кішкенбаев.
Желі қолданушылары әнішінің суреттерінің астына не үшін ажырасқандарын сұрап, пікір қалдырған. Алайда, Кішкенбаевқа халықтың сауалы ұнамаса керек, бәрін бір-ақ өшіріп тастады.