$ 494.87  520.65  4.91

Жазира Байырбекованың ағасы қарындасы жайлы айтқан сөзін мойындамай қойды

Өткен аптада «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында Ербол Байырбеков қарындасына ренішіп айтып, сұхбат берген. Онда композитор әншінің кейде көңілге қарамай, қатты сөйлеп жіберетінін жайып салған. Алайда, Байырбеков болған жайтты мүлдем басқа арнаға бұрып, журналистерге ренішін жазды.

«Түһ, не деген тақырып мынау. Журналистер сәл шатпақ шықса, май құйып жіберуге әзір тұрады.

«Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатта «Бір сөзі бар қатты өткен, уақыты келгенде айтармын» деген сөзім, бауырым Жазираға айтылған сөз емес еді. Бізге мұнша қара пияр керек емес», – деп ақталды композитор.

Ал бүгін Жазира Байырбекова ағасының өзіне ренжігенін білмейтіндей жазба қалдырған желідегі парақшасына.

Айта кетейік, Ербол Байырбеков қарындасына «Сен маған сүюді үйреттің» секілді түрлі хит әндер жазып берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары