$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстандық каскадерлер әйгілі түрік актері Кенан Имирзалыоғлымен бірге телесериалға түспек (ВИДЕО)

Қазақстандық каскадерлер түрік елінің «Мехмед: әлем билеушісі» телесериалына түсті деп жазады Tengrinews.kz. Туындыда басты рөлді белгілі актер Кенан Имирзалыоғлы сомдайды.

Қазақстандық Nomad Stunts каскадерлер тобының менеджері Евгения Лидің айтуынша, бұл жобаға елімізден 15 каскадер қатысыпты. Nomad Stunts каскадерлер тобы бұдан бөлек «Ертұғрыл» түрік телехикаясында, «Марко Поло» фильмінде және басқа да жобаларға түскен.

«Мехмед: Әлем билеушісі» тарихи-драмалық жанрдағы түрік телехикаясы осы жылдың наурыз айының соңында жарыққа шыққан. Онда Осман империясының жаулаушы сұлтаны атанған Екінші Мехмедтің өмірбаяны көрсетіледі. Басты рольді кезінде «Асау жүрек» телехикаясы арқылы көпшілікке танылған актер, әрі модель Кенан Имирзалыоғлы сомдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары