Кеше ғана елу жасын атап өтіп, туған-туыс, таныстарының басын қосып, дүркіретіп той жасаған Гүлзира Айдарбекованың тойындағы қызықтары желіні шарлап жүр.
Айтулы тойға Айдарбековтер әулеті түгелімен дерлік қатысқан сияқты. Десе де, Қайрат Нұртастың кішкентай төрт баласы көрінбейді. Олар үйінде отырып, әжелеріне видео құттықтау жіберді.
Бір қызығы, Гүлзира Айдарбекованың туған күнінен соң, бірден келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың туған күні басталған екен. Қайрат Нұртас бұның барлығын алдын ала біліп, жарын құттықтауды да ұмытқан жоқ.
Десе де, той болғаннан соң қызығы мен шыжығы қатар жүретіндігі рас. Желіге тарап кеткен мына видеода әнші мен әйелі көзбен сыбырласып, дал болып жатқандығын көреміз. Ал жары болса, өзі емес, көпшіліктің көзінше Қайрат Нұртасты жұмсап жібереді. Бірақ, мұнысына әнші намыстанбайтын сияқты.
Ал видео астында желідегілер әншінің бұл қылығын қызу талқылау үстінде.
Дереккөз: 365info.kz