Атктёр, «Серпер» сыйлығының иегері Еркебұлан Дайыров әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтемеген. Ол бұл жөнінде «Tengrinews.kz» порталындағы «The эфир» бағдарламасында мәлімдеді.
Бағдарлама жүргізушісі Ләйла Сұлтанқызы Еркебұланға «әскерге барарма едің?» - деп сауал қойған болатын.
«Кезінде барамын дегенде «взятка» сұраған. Оны әке-шешем де білмейді. Бұл әңгімені мен эфирде бірінші рет айтып тұрмын. Туған-туыстарым да көп білмейді. Мен әке-шешеме айтпай кетіп қалғым келген. Содан жаңағыдай әңгіме болды. Қой құрысын, сендерге бергенше өзім жейін. Бармасам бармай-ақ қояиын. Әке-шешемнің қасында болайын деп шештім», - дейді актер.
Сондай-ақ, Еркебұлан болашақта ұлы әскерге баратын болса, қолдайтынын жеткізді.